13
маусым
2026
Балабақша туралы мәлімет
Бақша ғимараты бір қабатты.Балабақша 2017 жылы ашылған. Балабақша қуаттылығы 90 орындық, қазіргі таңда 70 баламен, 4 топ жұмыс жасайды.Балабақша 5 күндік жұмыс жасайды,сағат 08.00-бастап 18.00 дейін. Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде.Бақшада қабылдау бөлмесі оқу-тәрбие, ойын бөлмесі, жатын бөлме, асхана, меңгеруші,әдіскер бөлмесі, медицина бөлмесі мен қойма бар.
Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған Су, электр,жүйесі орталықтандырылған. Жылу жүйесі жылыту қазандықтары бір орыннан.Балабақшада өрт,дабыл қондырғыларымен жабдықталған.
Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинет 12-қосымшаға сәйкес құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Бақша ауласы көгалдандырылған, жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын алаңы өз дәрежесінде жабдықталған. Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, көлеңкелі қоршау (беседка) орындығымен, гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған.